Жаңалықтар 

Тұрландағы канал тұрғындардың мазасын қашырып тұр

Қауіпті канал. Тұрлан шағынауданында орналасқан каналдың басы бар, аяғы жоқ. Жаңбыр суы лық толған уақытта шағынаудан қызыл судың астында қалады. Зардабын тартқан қарапайым халық тағы да дабыл қағуда. Арнамызға шағымданған шағынаудан тұрғындары каналдың суы арнасынан тасыған кезде жаңа мектепке де зиянын тигізіп үлгерді деп отыр. Тұрғындардың шағымын арқалап, шағынаудандағы осыдан төрт жыл бұрын пайдалануға берілген №55 мектепке арнайы бардық. Расында да жаңбырлы күні канал суы тасып, мектептің ауласын басып қалады екен. Білім ордасының алаңында арық-атыз жүргізілгенімен, соңы жоқ. Су жиналып, қайтадан мектеп ауласына ағады. Людмила Михаилқызы, №55 мектептің мұғалімі: «Мектептің…

Read More
Жаңалықтар 

«Энергоорталық» — жыл үздігі

Еңбек еленді. «Энергоорталық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы бірнеше марапатқа ие болды. Сарапшылар серіктестіктің өткен жылғы жұмыстарын сараптай келе мекемені үздік жылу беруші компания деп таныды. Осылайша «Жыл үздігі» номинациясына ие болған серіктестік Ұлттық бизнес рейтингісінде де көш бастады. Жеке тұлғаға салық төлеуде өзгелерге үлгі бола білген ұжымның есеп-қисап жасау тәсілі озық деп табылды. Осылайша мекеме кеден Одағының жеңілдіктеріне қол жеткізді.

Read More
Жаңалықтар 

7 баланың анасы жалған ақпар үшін жазалануы мүмкін

Жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланады. 44 жастағы азаматша осыдан тура 5 күн бұрын Шардара қаласындағы жергілікті банктердің бірінде жарылғыш бомба қойылды деп полицейлерге хабарлаған. Оқиға орнына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары тез арада банк қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа көшіріп, мекемені қоршауға алып, жедел іздестіру шараларын жүргізген. Алайда жарылғыш зат табылған жоқ. Бір тәуліктің ішінде күдікті қолға түсіп отыр. Суыт хабар Шардара аудандық тәртіп сақшыларының кезекші бөліміне 11-маусым күні сағат 19:41-де түскен. Хабарласқан әйел банкке жарылғыш бомба қойылды деп, тұтқаны қоя салған. Енді күдікті қолға түсіп, кінәсін мойындап отыр. Күдікті: «Мен хабарластым полицейлерге.…

Read More
Оқыс оқиға 

Құбыр жарылып, бірнеше үй су астында қалды

Шымкенттегі Мардан Сапарбаев көшесіндегі жеке тұрғын үйлер су астында қалды. Көшеден өткен жылу орталығының құбыры жарылып, төтенше жағдай орын алған. Қатты қысымға шыдас бермесе керек. Құбырдан атылған су, әсіресе, № 74, 76, 78 үйлердің ауласына дейін кіріп, жертөлесін толтырған. Мұндай оқыс оқиғаны күтпеген жұрт абдырап қалыпты. Осы көшедегі №74 үйдің тұрғыны Артықбай Керімқұлов басында жаңбыр екен деп ойлапты. «Сөйтсем, құбыр жарылып кетіпті. Жыл сайын жөндеу жұмыстары өткен кезде құбыр жарылады да тұрады» деп жыларманға келеді. Үйінің ауласын, қора жайын  су басып қалды. Жылыту маусымына дайындығын пысықтап, қысым жұмыстары жүргізілген құбыр суы…

Read More
Спорт 

«Отырар» телеарнасы — журналистер арасында футболдан чемпион!

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесіне арналған спартакиада аяқталды. Бір аптаға созылған жарыс аса тартысты өтті. Сырт көз қалам мен микрофоннан басқа ештеңе ұстамайды деп білетін тілшілер мен журналистер өздерінің спорттан кенде еместерін дәлелдей алды. Спорттың 9 түрінен өткен сайыстың барлығы аса тартысты өтті. Спартакиаданың алғашқы күні волейбол жарысымен өтті. Тоғыз команда қатысқан жарыста «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының командасы жеңімпаз атанды. «Ернияз» командасы екінші орынды иеленсе, алғашқы үштікті «Қазығұрт» құрамасы қорытындылады. «Отырар» телеарнасының командасы төртінші орынға тұрақтады. Арқан тартуда да — осы нәтиже. Үшінші орын үшін болған тартыста «Жанубий Қозоғистан» газетінің ұжымына есе жіберіп…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстік жұрты Әбілда Аймақпен қоштасты

Оңтүстікте қаралы жиын өтті. Белгілі қаламгер, ақын Әбілда Аймақ 60 жасында қайтпас сапарға аттанып кете барды. 15-маусым күні өңір жұртшылығы Ш.Қалдаяқов атында марқұммен қоштасты. 1954 жылы 13-сәуірде дүниеге келген ақын «Ләйлә», «Домалақ ана кесенесі», «Жүрегімде махаббат», «Алтын бесік», «Түркістан» атты кітаптарымен еліміздің қалың оқырман қауымына белгілі. Ол 1993 жылы республика ақындарының қатысуымен Алматыда өткен конкурстың бас жүлдегері. Ақынның денесі туған жері – Ордабасы ауданы, Темірлан кентінің жанындағы «Ынталы» деген ауылда жер қойнауына тапсырылды.

Read More