Спорт 

Баспасөз қызметкерлері арасында спартакиада басталды

Бүгін Оңтүстіктің баспасөз қызметкерлері арасында спартакиада басталды. Спорттың сегіз түрі бойынша өтетін жарыста 12 команда сынға түсуде. Олардың арасында «Отырар» телеарнасының жастары да бар. Биыл алдыңғы жылдарға қарағанда жаңадан ашылған ұйымдар да қатысуға ниет білдіріпті. Бұл спартакиада шеңберінің кеңейіп отырғанын айқындаса керек. «Отырар» телеарнасының жанкүйерлері әріптестерін қолдауға жиналды. Саны аз болғанымен, бар дауыспен айқайлап, командаға қолдау көрсетті. Отырарлықтар алғашқы ойынын Қазығұрттың әуесқой волейболшыларымен өткізді. Алғашқы партия жастар үшін аса сәтті болмады. Ұпай саны бойынша жеңілдік. Екінші партияда отырарлықтар бірлесіп, дайындық бар екенін аңғартты. Оның үстіне жастар құрамасы волейболға ұзақ уақыттан…

Read More
Жаңалықтар 

Төрт адамды өлтірген азамат өмір бойы түрмеге қамалды

Шымкентте аса ауыр қылмыстық іске қатысты соттың шешімі шықты. 40 жастағы азамат төрт адамды өлтіргені үшін өмір бойы абақтыға жабу жазасына кесілді. Бұл ауыр қылмыс 2014 жылдың 26-ақпанында орын алған болатын. Қабанбай батыр даңғылы бойындағы үйдің бірінде қанды оқиға орын алды. Күдікті екі отбасының адамдарын еш шімірікпестен өлтіріп салған. Содан кейін полиция қызметкерлері келіп қалғанда, өзіне-өзі қол жұмсамақ болады. Дегенмен, тәртіп сақшылары күдіктінің ойын жүзеге асыруына жол бермей, ұстап алады. Тергеу барысында айыпталушы марқұмға алтын бергенін айтқан. Соның ақшасын осы уақытқа дейін ала алмапты. Осыған байланысты туындаған жанжалдың соңы қанды қырғынмен…

Read More
Оқыс оқиға 

Жас жігіт келіншегі мен қарындасын балталап өлтірді

Отбасылық жанжалдың соңы адам өлімімен аяқталды. Сайрам ауданының 23 жастағы тұрғыны өзінің жары мен қарындасын пышақтап қана қоймай, балталап тастаған. Қолы қанға малынған ол одан кейін әкесін күрекпен ұрып, қашып кеткен. Қолға түскен азамат әйелін айуандықпен өлтіргенін мойындайды. Отбасылық жанжалдың соңында өзімді ұстай алмай қалдым деп ақталады. Таңертең әйелімен ұрысқан күдікті оны бірнеше рет пышақтап тастайды. Ол аздай сарайға алып кіріп, басын балтамен шапқан. Жеңгесіне араша түспек болған қарындасын да аямайды. Оны да пышақтап, балталап өлтіреді. Күдікті: «Ашуым шықты. Қарындасым қораға кіргенде, қорқып кеттім. Не істерімді білмедім. Сосын арқасына пышақ…

Read More
Жаңалықтар 

«Карданвалдың» жұмысы қайта жанданды

Шымкенттегі «Карданвал» автомобиль және трактор жабдықтарын шығаратын өндіріс орны қайта іске қосылды. 50 жыл бойы бүкіл Орталық Азия мен ТМД елдері бойынша жалғыз өзі карданды білік және айқастырушы құрылғы шығарып отырған зауыттан тоқырау заманында маза кетіп, ақыр аяғы тоқтап қалған болатын. Енді, міне, тұралап қалған кәсіпорынның тамырына қан жүгіріп, өнімдерін экспортқа шығаратын болды. Кәсіпорынға көмек қолын созған — облыстық кәсіпкерлер палатасы. Мәселені республикалық дәрежеге дейін қаузаған мамандар Белорусь елімен екі арада келіссөздің жасалуына мұрындық болыпты. Бұл дегені, жыл сайын «Карданвал» АҚ Белоруссияның Гродно қаласындағы «Минск трактор зауыты» республикалық унитарлық кәсіпорнына…

Read More
Жаңалықтар 

«Оян қазақ, оян!»

Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында көрме ашылды. Экспозицияда алматылық суретші Сағи Ахтановтың бүгінгі қоғамдағы жемқорлықтың көрінісіне және адам өзіне зиян келтіретін құбылысқа негізделген 50-ден аса туындысы қойылған. Ақшасыз ем алудың қиындығы, пара беріп заңды айналып өту, жемқор шенеуніктер және есірткіден өмірімен қош айтысқан адамдар. Суретшінің негізге тақырыбы — осылар. Суретші Сағи Ахтанов — Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің оқытушысы. «Суретшілер қоғамдағы құбылыстарды өзгелерден жылдам және күрделі көреді. Шығармаларымдығы көрініс — бүгінгі қоғамның шынайы айнасы. Және бұл — менің жан айқайым» дейді қылқалам иесі. Сағи Ахтанов: «Оян қазақ, оян!…

Read More
Жаңалықтар 

Ардагер жайлы баспанаға мұқтаж

Таскешулік Ұлы Отан соғысының ардагері Ақылтай Сейілбек жайлы баспанаға зәру. Осыдан  50 жыл бұрын тұрғызылған үйді қатты жел мен жауын-шашын тіпті ескіртіп тастапты. Ардагер атайдың келіні Гүлжан ескі үйді жамап-жасқаймын деп әбден есім шықты дейді. Қас қылғанда биылғы жаздың күн райы да қараспай тұр. Табиғаттың тосын мінезі әулетті әбден әуре-сарсаңға салыпты. Нөсер жауын сылап-сипаумен әрең тұрған баспананың қабырғасын құлатып, іргетасын сөгіп кеткен. Мүжілген баспалдақтар жөндеуге де келмейді. Қытымыр қыстан қысылып шыққан қария жаздың жайма-шуағына әрең жеттім-ау дегенде есік-терезеден уілдеген желдің өті атайды қалың көрпенің астына қайта қамады. Осылайша сұрапыл соғыс жылдарында…

Read More