Жаңалықтар 

Полиция бөлімінде ашық есік күні өтеді

20-маусым күні таңертең сағат 10:00-де Шымкент қалалық ішкі істер басқармасына қарасты Әл Фараби полиция бөлімінде ашық есік күні өтеді. Келушілерге есік ашық. Мекенжайы: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 3-үй. Іс-шараның мақсаты — жастарды полиция қатарына тарту, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін полиция қызметін халыққа таныстыру.

Read More
Оқыс оқиға 

Жалғыз өзі жиырма көлікті ұрлаған

Абай аудандық полиция бөлімінің сақшылары 20 автокөлік ұрлығына қатысы бар деген күдіктіні құрықтады. Жәбірленушілерге келген шығынның көлемі 20 миллион теңгеден асады. Тергеу кезінде анық болғаны — 25 жастағы жігіт көлік ұрлауды бір жарым жылдан бері кәсіп қылып келген екен. Оның үйінен айғақтық зат ретінде екі «Мазда» маркалы автокөлік тәркіленіп,алынды. Сезікті жалғыз өзі қылмыс жасаған. Ол алдымен ұрлайтын темір тұлпарды таңдап, дабыл қаққышы бар-жоғын тексеріп алады. Содан кейін арам ойын жүзеге асырып келген. Заңсыз айдап әкеткен автокөліктерді ол үйіне алып келіп, бөлшектеп сатып отырған.  

Read More
Жаңалықтар 

Көңілдесті тапсырыспен өлтіргендер сотталды

Шымкентте тапсырыспен кісі өлтіргендер сотталды. Олардың қолынан қаза болған 23 жастағы жігітті полиция із-түзсіз жоғалған адам ретінде 5 ай бойы іздеген. 2013 жылдың аяғында тәртіп сақшылары алдымен марқұмның көлігін тауып, сол арқылы миллион теңгеге бағаланған қылмысты ашқан болатын. Жарты жылға жуық ізім-ғайым жоғалған азаматты құқық қорғаушылар өлгендер тізіміне қосқан-ды. Себебі, өз үйінен көлікпен шыққан азаматты көп іздеді. Арада жарты жыл өткенде көлік табылып, шытырман оқиғаға толы тірліктің беті ашылды. Көлігемен жоғалып кеткен азаматтың жанын ашынасы алған. Арада не болғаны белгісіз, әйтеуір миллион теңге беріп, көзін жоймақ болыпты. Бұл шаруаны 39…

Read More
Халық жаңалығы 

Қауын-қарбыз кез келген жерде сатылмайды

Жол жағалап, қарбыз-қауын сатушыларды енді жолықтыруыңыз екіталай. Себебі жол жиегінде сауда жасауға тыйым салынды. Бақташылар өнімі енді қайда саудаланып, қандай ережеге мойын бұруын қажет? Жаз келген соң бақша дақылдарына әуесіміз артатыны белгілі. Бірақ біздің көбінесе көретініміз — тек жол бойындағы бақша өнімдері. Ал ондағы көргендер қауын-қарбыз жеуден бас тартары сөзсіз. Күндіз-түні сауда орнында түнейтін саудагерлер санитарлық жағдайды да жарытып сақтамайтыны жасырын емес. Осының бәрін ескерген қала басшылығы биыл ондай келеңсіздіке мүлдем жол бермейміз деп шешкен. Бірде-бір кәсіпкер нысаннан тыс жерде бақша өнімін сатпайды, оған рұқсат жоқ. Ал заңға бағынбағандарға үлкен…

Read More
Оқыс оқиға 

Кәсіпкерге шабуыл жасалды

Оңтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері жеке кәсіпкерді өлтіруге оқталған күдіктілердің ізін суытпай құрықтады. 2014 жылдың маусым айның басында Сарыағаш аудандық ішкі істер бөліміне 15:30-дар шамасында аудандық аурухананың жан сақтау бөліміне мойын тұсынан оқ жарақатын алған 42 жастағы азамат жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орына жеткен жедел-тергеу тобы күндізгі сағат 3-тер шамасында ауылдағы көшелердің бірінде жәбірленушіге нөмірі белгісіз «Тойота» маркалы автокөлігімен келген екі белгісіз азамат оқ атып, содан соң 8,5 миллион теңге салынған сөмкесін алып кеткенін анықтайды. Оқиға орнынан полиция қызметкерлері 32 калибрлі аңшы мылтығынан атылған оқтың бос қорабын және…

Read More
Жаңалықтар 

Тосап қайнататын кез келді

Құлпынай тосабы Қажетті заттар: құлпынай, қант, су. Дайындау әдісі: Құлпынайды тазалап, жуыңыз. Тосап қайнататын ыдысқа салып, үстіне қант қосыңыз. Ескеретін жәйт құлпынай қанша килограмм болса, оған сонша килограмм қант қосу керек. Сөйтіп, салқын жерге бірнеше сағатқа қоя тұрыңыз. Суы шыққан соң, жәй отқа қойып қайнатыңыз. Араластырып тұруды да ұмытпағайсыз. Тосап қайнаған кезде астын өшіріп, 8 сағатқа салқын жерге қою керек. 8 сағаттан соң тағы да жәй отқа қойып қайнатыңыз. Дайын болған соң, отты өшіріп, тосап суығанша күтіңіз. Суыған тосапты банкіге құйып, жауып тастаңыз. Тіл үйірер таңқурай Қажетті заттар: таңқурай, су,…

Read More