Қауын-қарбыз кез келген жерде сатылмайды

427

Жол жағалап, қарбыз-қауын сатушыларды енді жолықтыруыңыз екіталай. Себебі жол жиегінде сауда жасауға тыйым салынды. Бақташылар өнімі енді қайда саудаланып, қандай ережеге мойын бұруын қажет?

Жаз келген соң бақша дақылдарына әуесіміз артатыны белгілі. Бірақ біздің көбінесе көретініміз — тек жол бойындағы бақша өнімдері. Ал ондағы көргендер қауын-қарбыз жеуден бас тартары сөзсіз. Күндіз-түні сауда орнында түнейтін саудагерлер санитарлық жағдайды да жарытып сақтамайтыны жасырын емес.

Осының бәрін ескерген қала басшылығы биыл ондай келеңсіздіке мүлдем жол бермейміз деп шешкен. Бірде-бір кәсіпкер нысаннан тыс жерде бақша өнімін сатпайды, оған рұқсат жоқ. Ал заңға бағынбағандарға үлкен көлемде әкімшілік айыппұл салынады. Наурыз айында облыстық мәслихат облыстық қалалары мен ауылдарын абаттандыру қағидасын бекітті.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=dmSz7BThYmM[/youtube]

Биыл қалаға қарбыз жылдағыдан кеш әкелініп жатыр. Дихандар оны ауа райымен байланыстыруда. Қала әкімдігінен өнім саудалауға орын сұрап, өтініш жазғандар саны аз емес. Барлығы да заң талабына сай шешіледі дейді мамандар.