Қаржы полициясына — 20 жыл!

648

Маусымның 6-сы — қаржы полициясының күні. Қазақстанның қаржы полициясының құрылғанына 20 жыл толды. Атаулы датаға орай өңірімізде салтанатты шара өтті. Кәсіби мерекені атап өткен қаржы полицейлерінің бірқатары облыс басшысы Асқар Мырзахметовтың грамотасына ие болды.

Солардың бірі — қаржы полициясында небәрі төрт жылдан бері қызмет ететін Нұрбек Нұрымбетов. Жас тәртіп сақшысы облыс әкімінің грамотасымен марапатталды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ywGCAxx8R0g[/youtube]

1994 жылдың 6-маусымында Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулысымен қаржы министрлiгiнің салық қызметi құрамында салық милициясы басқармасы құрылды. Ондағы мақсат — осыдан 20 жыл бұрын салық төлеуден жалтарып жүргендер мен күресу еді. Ал бүгінгі қаржы полициясының міндеті — сыбайлас жемқорлық күресіп қана қоймай, көлеңкелі экономиканы азайту мақсатында қарқынды күрес жүргізу. Міндеттерін мүлтіксіз орындап жүрген қаржы полицейлеріне бұдан бөлек тағы бір жауапкершілік жүктелген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=LZkcrOc4eD0[/youtube]

Кәсіби мерекелерінде қаржы полициясы қызмектерлерінің атқарып жатқан жұмыстарын халыққа жариялап, оңды имиджін көтеру мақсатында атсалысып жүрген журналисттер қауымы да марапатқа ие болды. Олардың арасында «Отырар» телеарнасының тілшісі Ернар Балабеков пен «Оңтүстік Рабат» газетінің тілшісі Дәурен Әбдіраманов та бар.