Шымкентте баласы өз анасын көлікпен қағып, бақилық етті. Қайғылы оқиға кешкі сағат сегіздер шамасында болған. Қаладағы тұрғын үйлердің бірінде жас жігіт көлігімен қозғалмақ болып, алға қарай жылжиды. Сол кезде жерде отырған анасын байқамай, басып кетеді. Нәтижесінде 56 жастағы әйел оқиға орнында жан тәсілім еткен.
Қайғылы жағдай орын алған соң үй иелері құтқарушыларды шақырған. Себебі, көліктің астында жаншылып қалған әйелдің денесін қозғалту қиынға соғыпты.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар «Опель-Вектра» авто көлігін кесіп, көліктің астынан әйел денесін шығарды. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның себеп-салдарын анықтап жатыр.
Нұрлан Темірбаев, ОҚО ТЖД бас маманы: «Оқиға орнына жедел құтқару жасағының құтқарушылары барып, арнайы құтқару құрал-саймандарымен мәйітті көліктің астынан шығарып алды. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша Шымкент қаласының ішкі істер басқармасының тергеушілері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.»
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=iEZP7KBV2FY[/youtube]