Әлемде 100 миллионға жуық адам витилиго дертіне шалдыққан. Мамандардың сөзіне сүйенсек, халық арасында алапес деп аталып кеткен аурудың емі жоқ көрінеді.
Сондықтан да «витилигомен күресу» қауымдастығы жыл сайын осы дерпен ауыратын науқастың басын біріктіріп, өз-өзіне деген сенімін нығайтуға көмектеседі.
Осы ретте Облыстық тері-венералогиялық диспансерінің мамандары осы аурумен есепте тұрған науқастардың басын қосып аурумен күресу жолдарын қарастырды. Мамандардың айтуынша ауру 100 пайызға емделмесе де, оны уақытша ауыздықтауға болады.
Әлия Айдарбекқызы, облыстық тері-вернерологиялық диспансерінің радио-терапия бөлімшесінің меңгерушісі: «бізде емделген науқастардың 11-12 пайызы дертінен айығады. Алайда олар өз денсаулығына аса мұқият болғаны ләзім. Өйткені, бұл ақ дақтардың шығуына кез-келген фактор әсер етуі мүмкін»
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=KIbX6V5fAa8[/youtube]
Маманның сөзіне сүйенсек алапеспен күресудің ең тиімді жолы — күн көзі. Сондай-ақ, ақ дақтармен күресу үшін аскөктің де пайдасы зор көрінеді. Маман осы дертпен ауыратын жандарға шетелге бармай ақ, өзіміздің облыста да емделуге мүмкіндігі бар екенін алға тартып отыр. Өйткені, облыстағы тері-венерологиялық диспансері Орта Азиядада жоқ теңдесіз аппаратқа қол жеткізіп отыр.