3 бірдей адамның өлімі анықталып жатыр

380

«Мақтаарал» аудандық коммуналдық тұтынушылар кооперативінің 3 бірдей қызметкерлерінің өліміне қатысты тексеру жұмыстары басталды. Аудандық пркоуратура мамандары мен полицей қызметкерлерінің пайымдауынша, жұмысшылар кәріз жүйесін жөндеу кезінде тұншығып, бақилық болған.

оқиға орнында 3 адам бақилық болды
Оқиға орнында 3 адам бақилық болды

Атакент ауылындағы кәріз жүйесінде адамдардың ажал құшуы полицей қызметкерлеріне тал түсте хабарланған. «Мақтаарал» коммуналдық тұтынушылар кооперативінің сантехниктері қоқысқа толған кәріз жүйелерін тазалау кезінде ұзақ уақытқа жым-жырт кетуі жоғарыда отырған әріптестерінің де күдігін туғызыпты. Оқиға орнына тез арада төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шақырылған.


Нұрлан Мұстафаев, Мақтаарал ауданы прокурорының аға көмекшісі: «Бұл келеңсіз оқиғадан барлығы 6 адам зардап шегіп отыр. Оның 3-і оқиға орнында жан тәсілім етті. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайын толығымен тексеріп, анықтап жатырмыз. Бірақ, біз сантехниктердің өздері ережені дұрыс сақтамаған деп айта аламыз.»

Қайғылы оқиға сантехниктер жасағы Атакент ауылындағы агроэкономикалық колледжінің аумағына енетін кәріз жүйесін тазалау кезінде орын алған. Қазіргі уақытта қылмыстық-сот сараптау қызметі жұмысшылардың қандай газға уланғанын және оқиғаның орын алу себептерін анықтап жатыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Gixxe-3Ebq4[/youtube]

Бұған қоса еңбек инспекторлары да арнайы комиссия құрып, тексеру жұмыстарын бастап кеткен. Арнайы комиссия «Мақтаарал» өндіріс кооперативінің жұмысы кезінде техника қауіпсіздігі қаншалықты сақталғанын анықтау үшін жұмыс істеп жатыр.