Жаздың шуақты күндерімен бірге Сайрам ауданындағы «Ақсу» сауықтыру лагерінде балалар демалысының алғашқы маусымы ашылды. Енді табиғаты әсем, жасыл желекті лагерьде қала мектептерінің балалары демалысын ұмытылмастай өткізетін болады. Лагерьдің ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалды да қатысты.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=GAj-Jg9tsTs[/youtube]
Салтанатты жиын қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының дабылшылар ұжымының өнерімен басталып, демалушы бүлдіршіндердің «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» композициясымен жалғасты. Өнерлі балғындар әннен шашу шашып, «Достық биін», «Мәңгілік ел ұландары» флешмобын ұсынды.
Шымкент қаласы бойынша биыл жазғы маусымда 33 355 бала демалады. Оның ішінде 23 469 бала — әлеуметтік тұрмысы төмен отбасынан шыққандар.