Автобус аударылып, ауруханаға түскендердің жағдайы жақсарып келеді. Еске сала кетейік, №19 бағыттағы қоғамдық көліктің тежегіші істен шығып, Аймауытов көшесінің бойында аударылып кеткен болатын. Соның салдарынан автобус ішіндегі 15 адамның алтауы ауруханаға жеткізілген. Жарақат алғандардың арасында үш бала бар.
Дәрігерлер нейрохирургия бөлімшесінде қалған 4 науқасты жақын күндері үйлеріне қайтарамыз деп отыр. Апат салдарынан жарақат алған жолаушылардың бүгінгі жағдайын жолаушылар тасымалдаушы компания өкілдері келіп сұрамаған екен. Тек сол көлікті басқарған жүргізушінің анасы екі рет кешірім сұрап келіпті.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=TTL3sWpDk48[/youtube]