Алтын, күміс, гауһар тас, көздің жауын алар асыл тастармен көмкерілген зергерлік бұйымдар. Мұның барлығын да жерлестеріміз үшін «Автонұр» көтерме сауда орталығы ұсынып отыр. Зергерлік орталық сенімді сапасымен ғана емес, жаңа түсімдер және заманауи үлгілерімен ерекшеленеіп келеді.
Ақкүміс Өтебай, зергерлік орталықтың сатушысы: «Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Сіздерді «Автонұр» базарындағы зергерлік орталыққа шақырамыз. Біздегі баға арзан және қолжетімді! Ал өзінің алтынын саудалаймын деушілерге есігіміз ашық. Келіп, жаңа дүңіршектерді жалға алуына болады. Бізде бос орындар көп.»
Сапасы сенімді алтын мен платина, мың көркем күмістердің түрлі үлгісі тұтуыншылардың да үлкен сұрасына ие болып отыр. Өнім көршілес Украина және Ресей елдерінен жеткізіледі. Бүгінде осы зергерлік орталыққа арнайы тапсырыс беріп, сатып алушылардың да қатары артқан.
Айша Сапашова, қала тұрғыны: «Мен бүгін осы зергерлік орталыққа келіп, білезік сатып алдым. Өте керемет, маған ұнады. Бәрінен бұрын бағасы да тиімді. Қазір жаз мезгілі ғой, қазақта той-жиын деген көбейеді. Әрдайым әшекейді «Автонұр» базарындағы осы орталықтан сатып аламын, бір рет те шағымданған емеспін.»
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=B_ir3sRs72M[/youtube]
Айта кетейік, зергерлік орталықтың маңында бағалы тастар мен алтын-күміс алқа-жүзіктеріңізді тексеру және жөндеу дүңгіршектері жұмыс жасайды. Ендеше, сыйлыққа немесе өзіңізге саф алтынды іздесеңіз, Темірлан тасжолы бойында орналасқан «Автонұр» көтерме сауда орталығындағы зергерлік бұйымдар орталығынан таба аласыз.