Кезінде ипотекалық несие арқылы үйлі болғандар қазір баспанасыз баз кешіп жүр. Араларындар белгілі бір кәсіпті көздеп, банктен қарыз алғандар да баршылық. Алайда ел экономикасы шатқаяқтаған тұста істерін дөңгелете алмай тақырға отырған. Наразы қауым қарыздарын төлеуден қашып отырған жоқ, тек жеңілдікпен төлеуді талап етеді.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=kdKc5M9Wezw[/youtube]
Таяуда «Нұр Отан» партиясының алдына осындай борышкерлердің бір тобы көмек сұрай жиналды. Олардың айтуынша, мемлекеттің төлем қабілеті төмен борышкерлерге жасаған қамқорлығын банктер пайдаланып кеткен көрінеді. Енді осы олқылықтарды болдырмау үшін араша сұрайды. «Жалғыз баспана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гаухар Ашықбаева «борышкерлердің көбісі алған қаражаттарының жартысына жуығын төлеп қойған, соған қарамастан банк оларды баспаналарынан айырып отыр, қайсыбіреуіміздің пәтерлеріміз, тіпті, сатылып кеткен» деп налиды.