Есірткіге еліккендер азаяр емес

341
нашақорлар саны әлі де нақты емес
нашақорлар саны әлі де нақты емес

Бүгін нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы халықаралық күрес күні. Осыған байланысты облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында дөңгелек үстел өтті. Шарада бас қосқан дәрігерлер облыста нашақорлар санының біршама айзайғанын алға тартса, құқық қорғау органы қызметкерлері есірткі тасымалының саны мен мөлшерінің артқанын айтады.

Никита Гайсин облыстық наркологиялық диспенсердің ең жас емделушісі. Ол екі айдан бері нарколог-дәрігерлердің нұсқауымен емделіп жүр. Ал негізінен, 20 жастан асқан кейіпкеріміздің есірткіге есі кеткелі бірнеше жылдың жүзі болған. Жасы бар жасамысы бар қазір облыстық наркологиялық диспенсерде 2807 науқас есепте тұр. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 47 адамға кеміп отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=lc8xzJX9O5g[/youtube]

Дәрігерлердің айтуына қарағанда, жылына бұл жерден орта есеппен небәрі 50 шақты науқас қана сауығып шығады. Өкінішке орай олардың арасында ай айналмай диспансердің есігін қайта қағатын сырқаттар да жетерлік. Ал құзырлы орган өкілдерінің айтeына қарағанда облыста есірткі тасымалына қатысты қылмысты құрықтау мүкін болмай отыр. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда осы сипаттағы қылмыстар саны 97 -ге жеткен. Биыл бұл көрсеткіш едәуір артыпты. Бұл есірткі бизнесіне қатысты деректер. Ал есірткіге тәуелділердің саны мен ресми дерек арасында айырмашылық бар екенін сала мамандары да жасырмайды. Себебі, жасырын түрде емделушілер ресми тіркеуде төбе көрсетпейді. Енді осыған емделуге енжарлық танытып жүргендерді қосыңыз.