Жаңалықтар 

Функционалдық сауаттылық – сапалы білім берудің кепілі

Функционалдық сауаттылық – сапалы білім берудің кепілі. “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы осындай тақырыпта 16-шы ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Теорияны тәжірибеге ұштастыру арқылы оқушының зейінін арттыратын білім берудің соны жүйесі 2016 жылға дейін толық жүзеге асуы тиіс.

"Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығыЖаттанды білім жарға жығады. Егер бойыңдағы ілімің күнделікті өмірде қажетіңе жарамаса, ол білімнің керегі не? “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының 16-шы басқосуындағы талқыға түскен бас тақырып осы болды. Нәтижелі білімге қол жеткізген ұстаздар да назардан тыс қалған жоқ.

Білімін күнделікті өмірде кәдеге асыруды үйреткен мұғалімдер ел алдында еленіп, құрметке бөленді. Дегенмен, функционалдық білім беру жүйесінде жалпы көрсеткіштен көш кейін қалып келе жатқанымызды мойындау керек.

 

Мұрат Әбенов, “Өрлеу” БАҰО” АҚ директорлар кеңесінің төрағасы: “Бізде үлкен проблема мынау – мысалы, PZ деген халықаралық зерттеу жүйесі бар. Сол PZ бойынша 65 мемлекеттің ішінде біз математика бойынша 59-шы орындамыз. Өте нашар орындамыз. Ал себебі қандай? Себебі біздің балалардың тек қана жаттанды білімі жақсы да күнделікті пайдалану білімі – өте нашар. Сол себептен мұндай конференцияда бірінші кезекте сол функционалдық сауаттылықтың жайын дұрыстап көтеру керек.”

Функционалдық сауаттылыққа қол жеткізу үшін оқулықты өзгертіп, оқушыны бағалау жүйесін жаңартпақ керек. Бұл ретте ұстаздың да ойып алар орны ерекше. Бұл – бас төраға Мұрат Әбенов айтқан шешу жолдары. Түс ауа “Өрлеудің” білікті мамандары осы ұсыныстар жөнінен жеке-жеке секцияларға бөлініп, нәтижелі білім алудың қыр-сыры жайлы тәжірибе алмасты.

Біліктілікті арттыру институттарының республика бойынша 16 филиалы болса, функционалдық біліктілікті арттыру бағдарламасын тек Оңтүстіктің мамандары іске асыруға кірісіп кеткен. Мұның өзі көп жәйтті ұқтырса керек. 2012-2016 жылдарға арналған бағдарлама аясында көптеген істер жасалды дейді институт ұжымы. Алдағы екі жылда да аталмыш бағдарламаны толықтай меңгеруге бар күшін салатынын да жеткізді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz