JK би мектебі 7 жылдық мерейтойын тойлады

551
JK би тобы

Биыл JK би мектебіне — 7 жыл. Мерейтойды өнер ұжымы Шымкентте дүркіретіп өткізді. Көптің алдында жас жеткіншектер JK-дің жеті жылда жеткен жетістіктерін паш етті. Өңіріміздегі опера және балет театрында өрбіген концерттік шараға келген көпшіліктің де қарасы қалың болды.  Бүгінде Назарбаев зияткерлік мектептерінде арнай үйірмесі қызмет ететін бұл ұжымның шәкірттері би өнері салауатты өмір салтын ұстануға шақырады деп отыр.

JK би тобы
JK би тобының бишілері

Әбілқасым Нұрлыбек, JK би мектебінің оқушысы: «Би өнері — мен үшін өмір. Себебі, би саулауатты өмірді ұстануға тәрбиелейді. Бұл — денсаулықтың кепілі, өміріңнің мәні деген сөз. JK би мектебінің «Өмірді бимен бірге сүр» деген ұстанымы бар. Сол себепті мен бұл өнердің бағытын жақсы көремін. Қазіргі уақытта Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алып жүрмін, мен үшін би мен сабақты алып жүрудің еш қиындығы жоқ.»

Сүлейменов Бекбосын, JK би мектебінің оқушысы: «Брейк-данс биінің өзге билерден ерекшелігі көп. Мысалы, бұл сала тек би емес, спорт дер едім. Әрине, алғашында би мектебіне келген кезімде маған барлығы қиын болып көрінді. Кейіннен мұндағылармен дос болып кеттім. Жаттығу сабақтарынан қалмай дайындалдым, қазір көптеген би қимылдарын еркін жасай аламын. Болашақта өз мамандығыммен бірге би саласының дамуына да үлесімді қосқым келеді. Би мектебін ашып, сонда мұғалім болуды жоспарлап жүрмін.»

JK би тобы
JK би тобы

Жас толқынның бос уақытын тиімді өткізу, заман көшін насихаттауды көздейтін JK ұжымы осыдан 7 жыл бұрын құрылған. Алғашы жасағында небәрі 1 топ қана болыпты. 2012 жылы Қазақстан чемпионтанда 1-орыннан көрінген би тобы бүгінде халықаралық сайыстардың жеңімпазы. Тіпті, жас бишілер ТМД елдері арасындағы үздік сегіздіктің қатарынан табылып отыр.

Гүлнәр Қалмұрзаева
Гүлнәр Қалмұрзаева

Гүлнәр Қалмұрзаева, JK би тобының жетекшісі: «Мен жеке өзім өмір бойы балалардың барлығына жайлы болатын жерді армандағанмын. Міне, JK – соның жемісі. Бұл — біздің үйіміз. Біздің мектепте бірі жақсы ән салса, екіншісі керемет би билейді. Бұл адамның бойында бұғып жатқан өнерді жарыққа шығарады. JK–ге келген адам өзін-өзі табады және таниды. Ең бастысы, менің мектебімде балалар тегін дәріс алады.»

Бүгінде JK-де 100 жеткіншек би билейді. Өнерпаздың ең кішісінің жасы небәрі 3-те. Бұған қарамай түрлі би қойылымдарды жас өнерпаздар көпке шебер ұсына алады. Бұл олардың өнерге деген риясыз құрметін көрсетсе керек.

Гүлнұр Жанәділ, көрермен: «Мен JK-ді бұрын-соңды концерттерде ғана көретінмін. Бүгінгі кешке келіп, өнерлеріне тәнті болдым. Не деген тапқырлық, не деген еңбекқорлық?! Адам нанғысыз би қимылдарын жасап, оның күрделігігіне қарамай билеп жатыр ғой. Болашақта мен де балаларымды осы JK мектебіне оқуға беремін.»

JK-дің 7 жылдық есеп беру кеші осылай сән-салтанатымен өрбіді. Жастар жиналған көпшілікті өз өнерлерімен тәнті етті, тіпті орындалуы ерекше әрі қиын билерімен таң қалдырды. Айта кетейік, жуырда JK-ліктер Өзбекстан, Қырғызстан елдеріне гастрольдік сапармен жол жүрмек. Бұған қоса жаз бойы халықаралық байқауларға қатысуды жоспарлап отыр.