Күшті жауын шымкенттіктерді әбіржітіп кетті

314

Мамырдың 30-ы күні Шымкент қаласына көктемгі ақ жауын келді. Таңғы сағат 06:30 шамасында күшті найзағай ұрып, шымқалалықтарды қалың ұйқысынан оятты. Артынша шаһар көгін қара бұлт қаптаған еді. Түске қарай күшті нөсер құйды да кетті. Екі сағаттай тоқтаусыз жауған жауын салдарынан қала көшелері өзенге құяр жылға ға айналды. Айналмай қайтсін? Жол шетіндегі арық-атыздар қоқыс алаңын рөлін орындап жатыр бүгінде.

Сөзіме дәлел ретінде айтайын, Астраханцов көшесімен орталық стадионға түсіп келе жатып, асфальт астынан өтетін құбырдың қоқысқа лық толғанын көзім шалды. Ал арықпен келген жаңбыр суы қоқыспен бірге  жолдың үстіне шығып жатыр.

20140531_144127

Ал ертеңіне Байтұрсынов көшесінің бойындағы қаланың орталық аудандарының бірінде тұратын туысымның үйіне қонаққа бардым. Мына суретті сол ауладан түсірдім. Қараңызшы, жауыннан жол үстіне жиналған су ойын балаларының тізесінен келіп қалған. Балалар оған дән риза. Қуанғаны соншалық, лас суды кешіп ойнап жүр. Ал көп қабатты үйлердің тұрғындары жуған кірлерін жаю үшін осы үлкен көлшікті кешіп өтуге мәжбүр.

20140531_144154

Тұрғындардың арлы-берлі жүрісін қиындата түскен бұл көлшік мұнда ұзақ мерзімге жайғасқан секілді. Себебі, маңайда суды жоюға әрекет етіп жатқан жауапты мекеме мамандары көрінбейді.