Көңілдесті тапсырыспен өлтіргендер сотталды

279

Шымкентте тапсырыспен кісі өлтіргендер сотталды. Олардың қолынан қаза болған 23 жастағы жігітті полиция із-түзсіз жоғалған адам ретінде 5 ай бойы іздеген. 2013 жылдың аяғында тәртіп сақшылары алдымен марқұмның көлігін тауып, сол арқылы миллион теңгеге бағаланған қылмысты ашқан болатын.

Жарты жылға жуық ізім-ғайым жоғалған азаматты құқық қорғаушылар өлгендер тізіміне қосқан-ды. Себебі, өз үйінен көлікпен шыққан азаматты көп іздеді. Арада жарты жыл өткенде көлік табылып, шытырман оқиғаға толы тірліктің беті ашылды. Көлігемен жоғалып кеткен азаматтың жанын ашынасы алған. Арада не болғаны белгісіз, әйтеуір миллион теңге беріп, көзін жоймақ болыпты. Бұл шаруаны 39 жасар келіншектің бауыры мойнына алады.

Танысын қасына қосып алған жаналғыш 23 жастағы жәбірленушіні қала сыртына балық аулаймыз деп алдап апарып, буындырып өлтірген. Қандықол қылмыскерлер марқұмның көлігін 90 мың теңгеге сатып жібереді. Қылмыскерлердің ізіне түсуге мүмкіндік берген де сол көлік болды. Жансыз денені жауыздар Ордабасы ауданының аумағана көміп кетеді. Енді таяуда аса ауыр қылмыстарды қарайтын мамандандырылған сотта кісі өлтіруге тапсырыс берген азаматшаға да, қылмысты іске асырғандар да қатысты үкім оқылды.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=MPTpelkIHGE[/youtube]

Айта кету керек, үкіммен келіспеген тарап 15 тәулік аралығында апелляциялық шағым беруге құқылы.