Балақайлар үшін енді ата-аналары алаңдамайды

Шымкент қаласында балаларға арналған спорт алаңы пайдаланылуға берілді. Шаһарға жаңадан енген Жаңаталап тұрғын алабының бүлдіршіндеріне ойын алаңы есігін айқара ашты.  32-19 метрлік алаң құрлысының бюджеті 10 миллион теңгені құрады.

Мұнда балалар баскетбол, футбол сыңды спорт түрлерімен айналыса алады. Бүгінде Жаңаталап халқының саны 25 мың адамды құрайды, оның 5 мыңнан астамы елдімекен орталығында тұрады. Жергілікті билік балалардың бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау үшін спорт алаңдарының санын арттыруды көздеп отыр.

Балақайлар үшін енді ата-аналары алаңдамайды
Ата-аналар енді балақайлар үшін алаңдамайды

Ержан Саржан, Жаңаталап әкімдігінің бөлім басшысы: «Мұндай алаңшалар Жаңаталапта 3-еуі салынып жатыр. Біреуі Көкбұлақта, екіншісі Жаңаталапта, үшіншісі Қызылжар елдімекенінде. Бұл нысандар «ЛТД Тұрмыс» мекемесінің балансына беріледі. Ал жергілікті үй төрайымдары мұны қадағалап иелік жасайды. 2-ші жатры жылдықта Абай ауданы бойынша 42 балалар ойын алаңшасы салынады. Осы салынатын алаңдардан біздің мекенге де тиесілісі бар.»