Оңтүстікте қаралы жиын өтті. Белгілі қаламгер, ақын Әбілда Аймақ 60 жасында қайтпас сапарға аттанып кете барды. 15-маусым күні өңір жұртшылығы Ш.Қалдаяқов атында марқұммен қоштасты.
1954 жылы 13-сәуірде дүниеге келген ақын «Ләйлә», «Домалақ ана кесенесі», «Жүрегімде махаббат», «Алтын бесік», «Түркістан» атты кітаптарымен еліміздің қалың оқырман қауымына белгілі. Ол 1993 жылы республика ақындарының қатысуымен Алматыда өткен конкурстың бас жүлдегері.
Ақынның денесі туған жері – Ордабасы ауданы, Темірлан кентінің жанындағы «Ынталы» деген ауылда жер қойнауына тапсырылды.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=QywV5XZ35Mc[/youtube]