200 тарта өнерпаз өз өнерін көрсетті

«Шәмші әлемі» аллеясында 2 ай бойы өткен «Мәдениетім мерейім» ауданаралық фестивалі аяқталды.  Биыл 3-рет ұйымдастырылған фестивалға облысымыздың аудан, қалаларының мәдениет күндерін Бәйдібектік өнерпаздары қортындылады. 

Мерекелік кеш, вальс падишасы Шәмші Қалдаяқовтың рухына тағзым етуден бастау алды. Концерттік бағдарлама үкілі қыздар мен бөрікті жігіттердің айтысымен жалғасып, қасиетті оразаның жарапазаны айтылды. М. Әуезовтың «Шаян барсаң әншімін деме» дегеніндей, айтулы мерекеге мекендерінің мерейін асыруы үшін сән-салататы жарасқан 200 тарта өнерпаз келіпті.

200 тарта өнерпаз өз өнерін көрсетті
200 тарта өнерпаз өз өнерін көрсетті

Ерғали Есмырзаев, Бәйдібек аудандық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімінің бастығы: «Бүгінгі мерекелік кеште аудан өнерпаздары ұмыт қалған әндерді орындайды. Тіпті аудан композиторларының бірқатар әндердің тұсауы кесіледі.»

11 ауыл аймақта 54 мыңнан аса халық мекендейтін ауданда 58 мәдени ошағы бар. Шығармашылықты арттыруда биыл 2 жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілмек. Кеш барсында күмбірлеген күйшілердің күйі мен бұлбұлдай сайраған әншілердің өнерін көрермен жоғары бағалады.

Ғалия Сұлтанбекова, көрермен:»Кеш керемет өтіп жатыр.  Ауданды, «Домалақ ананы таныстырғаны қандай керемет. Көріністері бәрі жақсы. Ұнап жатыр.»

Өнер әлемінде қаншама жанның жұлдызын жағып, шығармашылықта шабытын арттырған «Мәдениет мерейім» мәдениет күндері аясындағы жеңімпаздар 4 шілде күні марапатталады.