«Отырар» телеарнасы — журналистер арасында футболдан чемпион!

341

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесіне арналған спартакиада аяқталды. Бір аптаға созылған жарыс аса тартысты өтті. Сырт көз қалам мен микрофоннан басқа ештеңе ұстамайды деп білетін тілшілер мен журналистер өздерінің спорттан кенде еместерін дәлелдей алды. Спорттың 9 түрінен өткен сайыстың барлығы аса тартысты өтті.

Спартакиаданың алғашқы күні волейбол жарысымен өтті. Тоғыз команда қатысқан жарыста «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының командасы жеңімпаз атанды. «Ернияз» командасы екінші орынды иеленсе, алғашқы үштікті «Қазығұрт» құрамасы қорытындылады. «Отырар» телеарнасының командасы төртінші орынға тұрақтады.

Арқан тартуда да — осы нәтиже. Үшінші орын үшін болған тартыста «Жанубий Қозоғистан» газетінің ұжымына есе жіберіп қойдық.

Дегенмен, қуанышты сәтіміз спартакиаданың соңғы күні туды. Жексенбі, 15-маусым күні Қажымұқан атындағы орталық стадионда футбол бәсекесі өтті. Оған 11 команда қатысты. Бес және алты команда болып, екі топқа бөлінген тілшілер мен баспагерлер қауымы доп додасын бастап кетті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=44ex7T-_cO8[/youtube]

«Отырар» телеарнасының футболшылары түскен топта 6 команда болды: «Ернұр-пресс», «Ернияз», «ТВК» телеарнасы, облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметі және «Жанубий Қозоғистон» газетінің командалары. Біздің команда топтағы 5 ойынның барлығында жеңіске жетіп, бірінші орынды иелендік. Финалға шықтық.

Сөйтіп, екінші топта жеңіске «Қазғұрт» құрамасымен ақтық бәсекеде кездестік. Аса тартысты өткен кездесу 1:0 есебімен «Отырар» телеарнасы командасының пайдасына шешілді. Сонымен, футболдан чемпион атандық. Команда мүшелері мен жанкүйерлерімізді жеңістерімен құттықтаймыз. Ал барша әріптестерімізге алда келе жатқан баспасөз қызметкерлері мекересі де құтты болсын дейміз!