Отырар телеарнасының футбол командасы тағы да жеңіс тұғырынан көрінді! Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында Созақ ауданының әкімдігі облыс аудандарының ішінде алғаш болып қаламгерлерді ала доп аламаңына шақырды.
Теріскейдің тамаша табиғаты аясында доп тебуге Шымкенттен «Қазақстан-Шымкент», «Отырар» телеарналары, облыс әкімдігінің баспасөз қызметі, «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінің командалары барды. Сондай-ақ, Созақ аудандық журналисттер мен аудан әкімдігінің ұжымдары да бақ сынасты.
Қаламгерлер ала доп аламаңында әдемі ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі орындар үшін тартыс қыза түсті. Отырар телеарнасының комндасы топтық кезеңнің алғашқы ойынында «Қазақстан-Шымкент» телеарнсының жігіттерін 8-1 есебімен жеңіп, екінші кездесуінде «Оңтүстік Қазақстан» газетінің журналисттерін 4-0 есебімен тізе бүктірді. Сөйтіп, Созақтық командаларға есе жіберген отырарлықтар, 2-орын үшін таласта облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен 6-4 есебімен басым түсті.
Ал, ақтық сыңға «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен Созақ ауданының журналисттері шығып, теріскелйлік қаламгерлер қонақтарға бас жүлдені ұсынып, өздері қонақжайлық танытып жүлделі орындардан бас тартты. Осылайша «Оңтүстік Қазақстан» газеті бұл турнирдің бас жүлдесін қанжығасына байлады.
Кіші футболдан Көкбұлақ демалыс орнында жалауын желбіреткен турнирде Созақ ауданының әкімі Аманғали Аймырзаев та ойнады. Жасы алпыстан асқан аудан басшысы шебер ойын өрнегін көрсеткенін айта кеткен жөн!
Турнирдің жабылу салтанатында ала доп аламаңың өткізуге мұрындық болған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли, аудан басшылығына журналисттер атынан алғысын айтты. Басқарма басшысы бұл жарыста да «үздік шауылшы» атағына ие болды!
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=NJhuh1YmR9U[/youtube]