Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында көрме ашылды. Экспозицияда алматылық суретші Сағи Ахтановтың бүгінгі қоғамдағы жемқорлықтың көрінісіне және адам өзіне зиян келтіретін құбылысқа негізделген 50-ден аса туындысы қойылған.
Ақшасыз ем алудың қиындығы, пара беріп заңды айналып өту, жемқор шенеуніктер және есірткіден өмірімен қош айтысқан адамдар. Суретшінің негізге тақырыбы — осылар.
Суретші Сағи Ахтанов — Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің оқытушысы. «Суретшілер қоғамдағы құбылыстарды өзгелерден жылдам және күрделі көреді. Шығармаларымдығы көрініс — бүгінгі қоғамның шынайы айнасы. Және бұл — менің жан айқайым» дейді қылқалам иесі.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ZhoQMVrLSOw[/youtube]
Сағи Ахтанов: «Оян қазақ, оян! Бұл, өздеріңіз білесіздер, Міржақып Дулатовтың өлеңі. Меніңше, қазақ әлі ұйықтап жатқан сияқты. Өйткені, мәселені ақшамен шешеміз. Барлық жерде сыбайлас жемқорлық. Бұл өнермен 10 жылдан бері айналысып келемін. Әлі ізденіп келемін.»
Бүгінде бейнелеу өнеріндегі плакат түрі кенже қалған. Десе де, бұл өнер иесінің бүгінгі мәселереге терең тоқталған тың туындылары еліміздің басқа өңірлеріңнің көрермендеріне ұсыналады.