Саясатта әйелдердің белсенділігі артып келеді

375
Жиында әйелдердің саясаттағы орны да айтылды

Әйелдер қауымының саясаттағы белсенділігі артып келеді. Абай кітапханасында өткен дөңгелек үстелде Абай ауданы әкімдігінің мамандары осылай деді. Шараға «Сана-сезім» әйелдер бастамасының құқықтық орталығы мен өзге де қоғамдық бірлестіктің өкілдері және ауыл-аймақтан арнайы шақырылған қыз-келіншектер қатысты.

Жиында әйелдердің саясаттағы орны да айтылды
 

Жиында әйелдердің тұрмыстағы зорлы-зомбылыққа жиі ұшырауы мен олардың тыныс-тіршілігі және қоғамдағы орны кеңінен талқыланды. Әйелдердің құқығын қорғауда қызмет етіп жүрген «Сана-сезім» орталығы мамандарының мәліметіне сенсек, соңғы 3 айдың өзінде 129 әйел жәбірленуші ретінде шағымданып келген. Әзірге оның 27-нің құқығы қорғалыпты.


Гүлсара Ташимова, Абай ауданы әкімінің орынбасары: «Бізге қазіргі уақытта өз бизнес-жоспарын әкеліп, кәсіп ашуды көздеп, онымен таныстырып жүрген әйелдер бар. Біздің міндетіміз — ондай нәзік жандыларға бағыт-бағдар беру. Мәселен, бүгінде жекеменшік балабақша ашып, бүлдіршіндерге жайлы орын жасағысы келетін де әйелдер баршылық. Бұл жағдайда олар облыстық білім басқармасына барып, жоспар түзуі керек. Мен бұл бастамаларды қолдаймын. Әрине, әйелдердің де саясатқа араласып, қызмет етуі дұрыс қой? Сондықтан, Абай ауданы әкімдігіне келіп, кеңес сұраған жандарға қай кезде де көмектесуге тырысамыз. Қыз-келіншектердің қызметке араласып, белсенділік танытуы қоғам үшін жеңіс дер едім.»