Үш шақырым жылу құбыры жаңарады

«Қыс шанаңды жаз сайла». Шымкентте қысқа дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мамандар, әсіресе, үлкен диаметрлі жылу құбырларының жаңаруына көңіл бөлуде.

қысқа дайындықЖылу желілерінің үлкен жөндеуі Гагарин көшесінің бойында жүріп жатыр. Мұндағы құбырлардың тозғанына жарты ғасырға жуықтаған. Енді жол бойындағы жылу магистралінің 1 шақырымы жаңарады.

Бұл маусымда Шымкент шаһары бойынша жылу магистралінің 3 шақырымы жаңармақ. Бұл Гагарин, Абай, Матросов және Әлімқұлов көшелеріндегі жылу құбырлары. Жылу магистральдарынан бөлек, ішкі орамдық жылу жүйелері де кезекті жөндеуден өтіп жатыр.

Нұрлан Жаманкөз, қалалық ТҮКШ сектор меңгерушісі: «Жергілікті бюджеттен ішкі орамдық жылу жүйелерінің жөндеу жұмыстарына 160 миллион теңге бөлінді. Бұл 21 шақырым жылу құбыры деген сөз. Олар да биыл ауыстырылады. Бүгінгі таңда конкурс жарияланды».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=fcVIsd1t4f0[/youtube]

Жылу құбырларының енді 7 шақырымын күрделі жөндеуден өткізсек, шаһардың меншігіндегі барлық жылу магистральдарының қайта жөндеу жұмыстары 100 пайыз бітеді дейді сала мамандары. Алайда, бұл келер жылдың еншісіндегі іс.