Шымкентте нашақорлардың саны кемімей отыр

267

Қазіргі таңда облыс орталығындағы денсаулық сақтау мекемелерінің көпшілігінде медико-психологиялық бөлмелер ашылған. Онда жыл басынан бері кәмелет жасына толмағандардың арасында психикалық белсенді заттарға тәуелділіктің алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Осы орайда күні бүгінге дейін 5100 кеңес ұйымдастырылыпты. Соған қарамастан Шымкентте есірткі тұтынушылар саны кемімей отыр.

vlcsnap-2014-06-19-11h09m09s102

Салтанат Жабағиева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары: «Жалпы, обыс бойынша бұл көрсеткіш 103,8 болса, Шымкенттің көрсеткіші облыстан жоғары — 337,7-ді құрап отыр! Аудан деңгейіне келер болсақ, Арыста — 31, Мақтапралда — 35,6, Ордабасыда — 26,8, Төлебиде — 84,4, ал Түлкібаста 33,3-ді құрап отыр.»