Тәртіп сақшысын қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

317
Күдікті азамат

Ішкі істер департаментінің дәл алдында тәртіп сақшысын көлік қағып кетті. Жаяу жүргінші жүретін жолақтан өтіп бара жатқан азаматты қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған. Бір қызығы, оны жол сақшылары емес, оқиғаны көрген жүргізушілер қуып жүріп ұстап алған.

Күдікті азамат
Күдікті азамат

42 жастағы сақшы облыс орталығына іс сапар мен келген. Кентаудан келіп, енді көздеген жеріне жетіп қалғанда оны «Дэу Магнус» автокөлігі соғып кетеді. Майор шенді қызмекеткерге дәрігердердің көмегі қажет болған. Жүргізуші оқиға орнынан бой тасаламақ болған екен. Дегенмен, ол ойы іске аспады. Қашпақ болған жүргізушіні басқа жүргізушілер ұстап, ішкі істер органы қызметкерлеріне тапсырған. Қолға түскен жігіттің өзі адамды байқамай қалдым деп отыр.

[youtube]http://youtu.be/t03qM5VcYl8[/youtube]

Басынан соққы алған полиция қызметкерінің бүгінгі таңда жағдай жақсарған. Ал көлікті тізгіндеген жігіттің — 26 жаста. Енді оған қатысты көлік құралдарын пайдалану ережелерін сақтамағаны үшін қылмыстық іс қозғалып отыр.

[youtube]http://youtu.be/IG53t8auszA[/youtube]

Қазір осы жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдары жалғасуда.