Транзиттік нөмірлері жоқ көліктер анықталды

206

Су жаңа «Дэу» автокөліктері ақылы тұраққа жабылды. Елуге жуық жаңа автокөліктер Шымкенттен Ақсукент елдімекеніне әкетіліп бара жатыр екен.

Түнгі уақытта жолға шыққан автокөліктерді жол-патрульдік полициясы полкінің қызметкерлері анықтап, жаңа автокөліктерді ақылы тұраққа жапты. Тұраққа жиналғандардың барлығы — жалдамалы жүргізушілер. Олардың қолдарында бір ғана сенімхат бар екен. Осы құжатпен еш кедергісіз көліктерді жүргізіп келгенбіз дейді. Ал тәртіп сақшылары бұған дейін де мұндай факті болған деп отыр. Ақылы тұраққа қойылған автокөліктерді тізгіндеген жүргізушілердің барлығына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=w1s1RoR0xZ4[/youtube]