Жарты жыл іздеуде жүрген топ құрықталды

225
Күдікті

Шымкент қалаллық Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 6 айдан бері іздеуде жүрген қылмыстық топтың мүшелерін қолға түсірді. Олар пәтер тонап, оңай олжаға кенеліп жүрген. Соңғы қылмыстың бірі «Самал-2» шағынауданындағы жеке үйдің бірінде тіркелген. Ол жақтан құны 1 миллион теңге болатын алтын бұйымдар ұрланыпты.

Күдікті
Күдікті

Абай полиция бөліміне қала тұрғыны хабарласып, үйде ешкім жоғын пайдаланған белгісіз азаматтар пәтерінен алтын бұйымдары мен ақшасын алып кеткеніне арызданған. Сонымен қатар «Самал-2» шағынауданында үйлердің бірінің пластикалық терезесін бұзып кірген суық қолдылар алтын бұйымдар мен бір миллион теңге көлеміндегі ақшаны сыпыры кеткен. Аталған қылмысты ашуға Абай полиция бөлімінің басшы құрамы ең тәжірибелі деген уәкілдерден жедел-тергеу тобын құрады.

Полиция қызметкерлері күдіктілердің ізіне түсіп, қылмысты ашуға жарты жыл уақыт кетті. Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде тәртіп сақшылары 23, 22, 21 және 19 жастағы Қазығұрт ауданы және Шымкент қаласының бес тұрғынын құрықтады. Оның үшеуі бұрын сотты болған екен. Полиция қызметкерлері ұсталғандардың 20-дан астам пәтер ұрлығына қатысы барын анықтады. Оның ішінде 7 қылмыс аса ірі көлемде жасалған.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=_pmq5KAt2oE[/youtube]

Аталған қылмыстық топ Шымкент қаласы бойынша ұрлық жасап жүрген. Олардың әрқайсысының өздеріне тиесілі рөлдері болған. Біріншілері құнды заттарды ұрлаған, басқалары сатып отырған, келесі топ сатып алған. Қаскүнемдер бір сызбамен жұмыс істеп отырған. Бақуатты тұратын адамдардың үйлері мен пәтерлерін алдын ала таңдап, алдымен пәтерлердің есігін қағып көріп, үйдің иесі бар-жоғын тексеріп, содан соң пластикалық терезелерді қолдарындағы құралдармен бұзып, ішінен алтын бұйымдар, ақша және бағалы заттарды алып кетіп отырған.

Күдіктілер облыс орталығы тұрғынының үйін тонау кезінде ол жерден ақша және екі аңшы мылтығын алып кетіп, оның біреуін шолақ мылтыққа айналдырып үлгерген. Тапқан ақшаларын жас жігіттер өздерінің қажеттілігіне жаратып отырған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 10 миллион теңгеден асып отыр. Айғақты зат ретінде полиция қызметкерлері бағалы заттардың жартысын және шолақ мылтық пен ұялы телефондарды алды.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=xJW1WVR9Ngc[/youtube]