Жас жігіт келіншегі мен қарындасын балталап өлтірді

350

Отбасылық жанжалдың соңы адам өлімімен аяқталды. Сайрам ауданының 23 жастағы тұрғыны өзінің жары мен қарындасын пышақтап қана қоймай, балталап тастаған. Қолы қанға малынған ол одан кейін әкесін күрекпен ұрып, қашып кеткен.

66666666666

Қолға түскен азамат әйелін айуандықпен өлтіргенін мойындайды. Отбасылық жанжалдың соңында өзімді ұстай алмай қалдым деп ақталады. Таңертең әйелімен ұрысқан күдікті оны бірнеше рет пышақтап тастайды. Ол аздай сарайға алып кіріп, басын балтамен шапқан. Жеңгесіне араша түспек болған қарындасын да аямайды. Оны да пышақтап, балталап өлтіреді.

Күдікті: «Ашуым шықты. Қарындасым қораға кіргенде, қорқып кеттім. Не істерімді білмедім. Сосын арқасына пышақ тығып алдым.»

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының жетекшісі: «Күдікті осыдан кейін сарайдың есігін құлттап, дым болмағандай, әкесінің қасына барып, көмектескен. Сосын екеуінің арасында да жанжал туындап, әкесін күрекпен ұрып, қашып кетпек болған. Бірақ, көп ұзамай қолға түсті. Оқиға 6-маусым күні, күндіз орын алған.»

Қаскүнемнің әкесі басынан ауыр соққы алады. Қуанышына орай, аман қалды. Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесінің тұрғындарының жағасын ұстатқан жағдай көршілеріне де ауыр тиген. Олардың айтуынша, әйелі мен қарындасын өлтірген жігіт бұған дейін оғаш қылық танытпаған. Отбасы да үлгілі дейді.

Сұлтан Орманов, Сайрам ауданының прокуроры: «Оқиға болған жерге шұғыл жеттік. Облыстық прокуратура мен ІІД-нің шұғыл тергеу тобы келді. Бүгінгі таңда күдіктіні қамау туралы сот санкция шығарды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.»

Бүгінгі таңда екі бірдей кісі өлімі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдіктінің жүйке жүесі аурына шалдыққан-шалдықпағаны анықталу үстінде. Егер сот кінәлі деп тапса, айуандықпен кісі өлтірген 23 жастағы азамат өмір бойы темір торға жабылуы мүмкін.