Берік Оспанов аудандарды аралады

334
кәсіпкерлік нысандарда болды

Сарыағаш ауданы «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда көш соңында қалған. Ауданда ауызсу проблемасы да талай тірлікті тоқтатып тұр. Ауданға іс-сапарлап қайтқан облыс әкімінің орынбасары Берік Оспанов жергілікті атқамінерлердің жұмыстарына сын тағып қайтты.

 кәсіпкерлік нысандарда болды

Таңсәріден жолға шыққан жұмысшы топ аудандағы бірнеше нысанда болды. Ақжар елдімекеніндегі мембрана орнатылған ұңғыма қондырғысымен танысудан басталған іс-сапар бірнеше кәіскперлік нысандарда жалғасты. Берік Оспанов мал бордақылау алаңының тыныс-тіршілігімен танысып, кәісіпкерлердің уәжерін де тыңдады.

Сондай-ақ, 43 гектарды алып жатқаны жүзім алқабына бас сұғудың да сәті түсті. Жерден нәпақасын айырып отырған дихан қауым шенділерден түйткілді проблемаларының түйінін тарқатып беруді сұрады. Ал ауылдық ағайынның аманатын арқалай келген ел ағалары қоғамдық қабылдаудан табылды.

Бірі көгілдір отын мәселесінің шешілуін сұраса, енді бірі апатты мектептердің ахуалына алаңдайды. Сарыағаштықтар «Сыбаға » бағдарламасының да үдесінен шыға алмай отыр. Қазір ауданда мал шаруашылығын дамытуды көздейтін бағдарлама небәрі 43 пайызға орындалған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=884i4dR2D5M[/youtube]

Облыс әкімінің орынбасары Берік Оспанов құрылыс саласындағы шикі жобаларға ерекше тоқталды. Айта кетейік, аудан көлемінде шалағай жасалған 9 жобадан қазір жергілікті халық зардап шегіп отыр. Салдарынан біріне ауызсу жетпей жаста, енді бірі көгілдір отыннан қағылған.

Облыс әкімі бұл ретте ауыл әкімдерінің салғырттығын сынға алды. Аудандағы ауызсу проблемасы да талай шаруаны шатқаяқтатып отыр. Айта кетейік, аудандағы 154 елдімекеннің небәрі 61-не ғана су құбыры тартылған. Қалған 93 елдімекеннің бірі ұңғыма суын пайдаланса, базбірі әлі құдықтан су тасып ішеді.