«Инновациялық форсаж» автобусы Шымкентке келді

223

«Инновациялық форсаж» жобасына қатысып, қомақты қаражат ұтып алыңыз. Жоба жетекшілері жеңімпаздарға бір миллион теңгеден бастап жеті жарым миллион аралығында ұтыс тігіп отыр. Ол үшін отандық экономикада тың серпіліс тудыратын табысты жоба ойлап табысу қажет.

Бизнес бастап, кәсібін дөңгелеткісі келетіндерге зор мүмкіндік беретін «Инновациялық форсаж» тележобасының автобусы Шымкентке келді келді. Астанадан арнайы ат басын бұрған топты жерлестіріміз думандатып қарсы алды.

Арқалық қонақтар өңіріміздегі өнертапқыш азаматтарды іріктеп, республикалық байқауға қатыстырмақ. Биыл өтініш білдірушілер тың жүйемен бағын сынап көрмек. Біздің өңір өнертапқыштарға кенде емес. Солардың бірі отандық косметиканы дамытуды қолға алған «Айсәуле» комапниясының өкілдері.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=jqyV5daqSf4[/youtube]

Жоба жетекшілері жергілікті дәрілік шөптердің жиынтығымен косметикалық өнімдерді нарықққа шығаруда. Ілкімді жобалар үстіміздегі жылдың тамыз айына дейін қабылданады. Жүзден жүйрік шыққандар қомақты қаржымен марапатталып, бизнестегі бастамаларын ары қарай дамытуға мүмкіндік алады.