Серт ауылында фельдшерлік бекет ашылды

1040

Түркістан қаласына қарасты Серт елдімекенінде фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Бұған дейін жеке үйдің ғимаратында халыққа қызмет көрсетіп келген ФАП алдағы уақытта заман талабына сай жұмыс жасайтын болады. Игілікті істің куәсі болған ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ.

001 (1)

ФАП ғимаратының ашылу салтанатында сөз алып, жалпы халық атынан қала басшылығына ризашылығын жеткізген Өтепберген Атажановтың айтуынша, бұл ауылда соңғы 3-4 жыл көлемінде су құбыры тартылып, ауыл тұрғындары таза ауызсумен толық қамтылған. Бұған қоса осындағы апатты жағдайдағы мектептің орнына заман талабына сай жаңа мектеп ғимараты бой көтеріп, ауыл орталығындағы жолдарға асфальт төселген. Ауыл клубы да қайта жөндеуден өтіпті.

001 (2)

Айта кетерлігі, Серт елдімекенінде мыңға жуық халық тұрады. Осы тұрғындарға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетуді Серт фельдшерлік-акушерлік бекеті атқарып келеді. Онда 1 фельдшер, 1 акушер, 1 санитар қызмет жасайды.

Жаңа ғимараттың құрылысына облыстық бюджеттен 35 миллион теңге бөлініп, «Абилда и К» құрылыс мекемесі аталған нысанды 7 ай ішінде салып, пайдалануға беріп отыр.

Дереккөз: Түркістан қалалық әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі