Түркістан қаласында салынып жатқан экопарк аумағына аққу жіберілді. Игі бастаманы «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің бас директоры Акыл Абдикадиров жүзеге асырды.
Табиғаттың сәні саналатын аққу экопарк көркін аша түсіп, демалыс аймағына ерекше әсемдік сыйлады. Бұл бастама Түркістанның экологиялық және туристік әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстардың бір бөлігі.







