Банкке борышкер баспанасыз қалды

231

Бүгін шымкенттік тағы бір отбасы баспанасыз қалды. Несиеге алған пәтерінің төлемақысын төлемеген ананың жалғыз үйі мәжбүрлі түрде банкке қайтарылды. 2007 жылы банктен 7 млн. теңге алған азаматша бірнеше рет соттасқан.

003

Алайда барлық сот отырысында борышкердің әрекеті заңсыз деп табылыпты. Бұл жолы жалғызбасты анаға Коммунистік партияның өкілдері көмеке келді. Партия мүшелерінің мәлімдеуінше, облыс бойынша 100 азамат несиеге алған баспанасының өтемақысын төлей алмай, көмекке зәру. Оның 15-і жалғыз басты әйелдер екен. Дей тұрса да соттың шешімін орындау — сот орындаушыларының міндеті екені түсіндірілді.

[youtube]http://youtu.be/8HZsO-5z0lA[/youtube]