150 сарбаз ант қабылдады

66

Үшінші мегаполисте Нұр-сұлтан, Алматы қалаларынан, Қостанай және Қызылорда облысынан шақырылған механикаландырылған бригаданың 150-ден астам сарбазы әскери ант қабылдады.

Салатанатты рәсім «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының саптық алаңында өтті. Жас жауынгерлер бастапқы әскери дайындық курсынан өтті. Олар 1 ай уақытта әскери нормативтік-құқықтық құжаттарды, атыс, дене дайындығы және басқа да әскери оқыту пәндері бойынша бастапқы білім алған.

Айта кетейік, ант қабылдау рәсімі коронавирус таралуына байланысты шектеу шаралары енгізілген сәттен бастап алғаш рет өткізіліп отыр.

 Гүлдана Дәурен