Балаларға базарлық. Шымкентте бүлдіршіндерге арналған кино түсірілімі басталды. Ғажайыпқа толы киноның басты кейіпкерлері — арнайы актерлік мектепте білім алатын оқушылар мен театр әртістері.
Ертегінің желісі қатар жүретін екі әлем мен ондағы жағымсыз мыстан мен қарғалар, 7 қыз бен өзге де ертегі кейіпкерлерінен тұрады. Негізгі салмақ Сыйқыршы ата мен өзге әлемнен келген балаға түсіп тұр. Осылайша балаларды ертегі желісі арқылы ерлікке, патриоттық рухта тәрбиелеу көзделген.
Киноның режиссері әрі авторы — Эльмира Әбсаматова. Жаңа дүниенің атауы әлі қойылмаған. Ал қаржыландыру мәселесі ата-аналар мен мектеп ұжымының қолдауымен шешіліпті.
Бұл — режиссер Эльмира Әбсаматованың алғашқы еңбегі. Автор тырнақалды туындысының ойдағыдай шығатынына сенімді. Режиссер ертегіні алдағы уақытта телеарналарда көрсетуге ұсынатынын жеткізді.