Ордабасы ауданына қарасты Қажымұқан ауылдық округінде жаңа емхана ашылды. Заман талабына сай салынған аудандық емханада тәулігіне 25 адамға дейін қабылдауға мүмкіндік бар.
Мекемеде күндізгі емдеу стационарлары қарастырылып, көпшіліктің саулығы үшін білікті 4 маман қызмет етпек. Облыстық бюджеттен бөлінген 80 млн. теңгеге салынған ғимараттың құрылысын «Береке» корпарациясы жүргізген.