«Әл Фараби» зергерлік орталығы шақырады

404

Оңтүстіктің сәнқойларында АҚШ пен Ресейдің, бергісі Түркияның зергерлік бұйымдарын тағыну мүмкіндігі пайда болды. Шымкентте теңдесі жоқ зергерлік орталық ашылды. Мұнда алыс-жақын шетелдік әдемі әшекейлерді таба аласыз.

«TAIRA Diamonds», «ROBERTO Bravo», «Руский ювелир», «Магия золото». Мұндай брендтерді шетел аспай-ақ Шымкенттен де алуға болады. Теңдесі жоқ зергерлік орталықтың ашылуын күткен қалалықтардың қарасы қалың болды. Барлығы алдын ала белгіленген уақыт бойынша «Әл Фараби» сауда орталығының алдында тағатсыздана күтіп тұр. Қалалықтар уақыттың зая кетпегенін айтып, қуаныштарын бөлісті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=KsUGH3Y4T1Q[/youtube]

Айна Садықова: «Мен балалық шаққа тап болғандаймын. Бәрі әдемі, жарық, салтанатты. Қыстың соңғы уақытын өткізе алмай отырған шымкенттіктерді дәл осы дүкенге шақырамын.Көңілдеріңіз көтеріліп қалатыны даусыз».

Орталықтың ашылу салтанатын есте қаларлықтай етіп өткізу басшылардың басты мақсаты болыпты. Сазды әуен, диджей және ұтыс лотереясы. Мұның барлығы зергерлік орталыққа алғашқы келушілерінің көңілінен шықты.

Енді қалалықтардың және қонақтардың әшекей бұйым сатып аларда қиналмасы анық. Қайталанбас үлгіде жасалған сәнді зергерлік бұйымдардың сан алуаны, кез келген нәзік жанның көңілінен шығатын сыйлық болмақ.

Виктор Тургунов, «Әл Фараби» зергерлік орталығының директоры: «Өткен жылы танымал брендтерді ұсынатын зергерлік орталық ашуды жоспарладық. Ал биыл бірінші қабатын әзірлеп, ойымызды жүзеге асырып отырмыз. Мұнда «Роберто Браво», американдық «Тайро даймонс» және ресейлік, испандық, итальяндық зергерлік бұйрымдар бар. Бағасы да әртүрлі. Эксклюзив әшекейлерді де таба аласыздар. Әр брендтің сапасын растайтын сертификаттары бар».

«Әл Фараби» сауда кешенінде орналасқан зергерлік орталықтан таңдауыңыздағы бұйымды қалта көтерерлік қаржыға аласыз. Орталықтың ашылу салтанатына қатысқандар сәнді әшекейлердің топтамасын қайдан сатып алуды жақсы біледі. Тосын сый мұнымен толастамайды, зергерлік орталықтың ішінде тағы да әшекей бұйымдар сататын дүңгіршік ашылады деп күтілуде. Бұл нәзік жандылар үшін ең керемет тарту болмақ.