Úı ANONS Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға лицензия беру туралы

Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға лицензия беру туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заңды тұлғаларға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензия береді. Ұлттық Банктің лицензиясы заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға, оның ішінде қолма-қол шетел валютасын басқа бір қолма-қол шетел валютасына немесе қолма-қол ұлттық валютаға сатып алу және сатуға құқық береді.

 

 

Айырбастау операцияларын жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларымен айқындалады. Аталған қағидаларға сәйкес уәкілетті ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) ұйымдық-құқықтық нысанында құрылуы тиіс. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш бергенге дейін құрылтайшы (қатысушы) ЖШС-нің жарғылық капиталын ақшалай нысанда толық қалыптастыруға міндетті.

 

Заңды тұлға лицензияны және оған қосымшаны алу үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы:

1) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияны және лицензияға қосымшаны алуға арналған электрондық өтініш;

2) жарғының электрондық көшірмесі;

3) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

4) екінші деңгейдегі банктің шетел валютасындағы банктік шотының болуы туралы анықтамасының электрондық көшірмесін жолдайды.

 

БАҒДАТ БАЙДУАНОВ, «ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ» РММ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЭБ  БАС МАМАНЫ:

 

Заңды тұлғаның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы келесі құжаттарды жолдау қажет:

1) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияны және лицензияға қосымшаны алуға арналған электрондық өтініш;

2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініш берген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес берілген екінші деңгейдегі банк не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы клиентінің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірмелердің Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкес заңды тұлғаның банк шотына жарғылық капиталына жарна ретіндегі ақшаның есепке жазылуын растайтын құжаттың электрондық көшірмелерін

3) уәкілетті ұйымның жарғылық капиталына салымның шығу көзін ашатын құжаттың (қарыз шарты, мүлікті сатып алу-сату шарты, кірістер туралы анықтама, уәкілетті ұйымның жарғылық капиталына салымның шығу көзін ашатын басқа құжаттар) электрондық көшірмесі.

 

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы «Электрондық үкімет» веб-порталының көмегімен көрсетіледі және құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензия және оған қосымша ақылы негізде беріледі. Лицензиялық алым мөлшері 40 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды.

 

БАҒДАТ БАЙДУАНОВ, «ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ» РММ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЭБ  БАС МАМАНЫ: «Қосымша атап өтетін жайт, айырбастау пункттерінің үй-жайлары мен жабдықтарына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы №14 қаулысымен бекітілген талаптар қойылады. Аталған қаулы екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының, негізгі қызметі банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге берген лицензиясы негізінде тек айырбастау пункттері арқылы қызмет жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді ұйымдастыру және жабдықтау қағидаларын бекіту туралы»

 

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Түркістан облыстық филиалына хабарласуға болады. Мекенжайы: Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы, 371. Байланыс телефоны: 8 (72533) 5-99-65.