Каналдарды тазалау басталды

687

Шымкентте каналдарды тазарту жұмыстары басталды. «ЛТД тұрмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшыларын қаладағы негізгі каналдардың бойыан көруге болады. Өткен жылдың жаз, күз айларында шаһардағы 7 канал механикалық жолмен және қолмен толық тазаланған болатын.

003

Алайда өткен аптадағы жауын кезінде Қошқар ата өзені мен Жаңашек каналының бойындағы бірнеше үйдің ауласын су басып, тұрғындарды әбігерге салды. Су деңгейінің көтерілуіне каналдағы қордаланған қоқыс себеп болған.

Өкініштісі сол, тұрғындар тастаған қоқыстарды мекеме жұмысшылары тазалап жатыр. Соның нәтижесінде кешегі жексенбі күнгі жауыннан үйлерге еш қауіп төнген жоқ. Тазалау жұмыстары көктемге дейін жалғасатын болады.