«Ордабасы» футболшылары ел чемпионатына дайындалуда

171
Сергей Малый биылдан бастап оңтүстіктің намысын қорғайтын болады

Ордабасылықтар Шымкенттегі оқу жаттығу жиынына кірісіп кетті. Осыған дейін Түркияда дайындалған оңтүстіктің командасы наурыздың жетісіне дейін шахарда болады. Биыл ордабасылықтарды Виктор Кумыков жаттықтыратыны өткен жылы-ақ белгілі болған. Бас бапкер команда құрамын бір шама өзгерткен. Шабуылшы ретінде Иван Божич командаға шақырылыпты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=z-keJMzeoTc[/youtube]

 

Слндай-ақ, Сергей Малый, Александр Симчевич, Ринат Абдуллин, Рауан Сариев, Бранислав Трайкович және Кирил Петров сынды қорғаушылар да Шымкентте. Ал қақпаны қорғауға Андрей Сидельниковпен Сергей Бойченко шақырылған. Команда жасақталынып, енді негізгі жаттығуларға көшкен. Премьер лига командалары арасындағы ел чемпионаты биыл наурыздың жетісіне жоспарланған. Оңтүстіктің командасы павлодарлық «Ертісті» өз алаңында қабылдайды.

Рауан Сариев жастар қатарын толықтырды
Рауан Сариев жастар қатарын толықтырды

– Команда құрамы толық жасақталып бітті ме? Әлде тағы да ойыншылармен толықтырулар болады ма?

Виктор Кумыков, «Ордабасы» ФК бас бапкері: «Үш оқу жаттығу жиыны да жоспарға сай өтті. Ауа-райының қолайсыз болуы да бөгет бола алмады. Ал команда құрамы толық өзгерді деп айта алмаймын. Бірнеше футболшымен толықтық. Қазіргі таңға дейін осы футболшылармен шектеліп отырмыз. Европалық ойындар алдында маусым айында тағы да ойыншылармен толығуға мүмкіндік туады. Сол кезге бос орындарды алып қалдық. Оның үстіне көктем кезінде бүгінгі футболшылардың ептілігін байқап көреміз.Ресми матчтарда өзін көрсете алмағандарымен қош айтысамыз.»

Сергей Малый биылдан бастап оңтүстіктің намысын қорғайтын болады
Сергей Малый биылдан бастап оңтүстіктің намысын қорғайтын болады

– Шабуылшы мәселесі шешілде ме?

Виктор Кумыков, «Ордабасы» ФК бас бапкері: «Шабуылшымен қиындық болмайды деп Иван Божичті командаға шақырдық. Үмітіміз де осы ойыншыда. Ол тәжірибелі футболшы. Оқу жаттығу жиынында өзін жақсы көрсете алды. Чемпионат барысында да сенімді ақтайды деп ойлаймыз.»

Мұхтар Мұхтаров та биыл ордабасының құрамын таңдады
Мұхтар Мұхтаров та биыл ордабасының құрамын таңдады