Úı ANONS Ордабасыда амбулатория ашылды

Ордабасыда амбулатория ашылды

Ордабасы ауданында дәрігерлік амбулатория ашылып, ел игілігіне берілді. Жалпы аймақта 219 медиуиналық мекеме жұмыс істейді. Тағы 73 мекемеге сұраныс бар.

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Қараспан ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды. Ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.

Медициналық ғимараттың құрылысы өткен жылдың қараша айында басталған. Нысан  Ордабасы аудандық ауруханасының теңгеріміне беріледі. Жоба құны – 201 млн. теңге. Аумағы 25 сотық жер. Ғимарат көлемі 377 шаршы метр. Мұнда 52 медицина қызметкері еңбек етеді. Ресми мәлімет бойынша, нысан заманауи талаптарға сай қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Бір мезетте 100 адамды қабылдай алады.

Айта кетейік, денсаулық сақтау саласында облыс бойынша 219 мекеме халыққа қызмет көрсетеді. Әлі 73 нысанға қажеттілік бар. Оны 3 жылда кезең-кезеңімен салу жоспарланған.

Дилара Иса