16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Ордабасы ауданында ерекше тәрбиелік мәні бар іс-шара ұйымдастырылып, аудандық полиция бөлімінің бастығы Нүркен Сарыпбеков пен оның орынбасары Бақытжан Маханбетов бір мезетте 50 баланың тұсау кесер рәсіміне қатысты.
Ұлттық дәстүрді дәріптеген шара барысында бүлдіршіндердің тұсауы кесіліп, ақ баталар берілді. Жиналған көпшілік балаларға жарқын болашақ, денсаулық пен амандық тілеп, қазақтың салт-дәстүрін ұлықтаған игі бастамаға куә болды.







