Аудан орталығындағы Мәдениет үйінде Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен «Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасының орындалу барысына арналған жиын өтті.
Іс-шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудан прокуроры Абзал Қыдырбай, облыс прокурорының орынбасары Даулет Тлемисов, сондай-ақ құқық қорғау және мемлекеттік органдарының өкілдері, ауыл округ әкімдері мен білім саласының мамандары қатысты.
Жиында өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу бағытында нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері мен білім саласы мамандарына «Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасының мақсат-міндеттері түсіндіріліп, алдағы жұмыс жоспары айқындалды.







