Автобустарға жол ашық

247

Күннің басты тақырыбы – ауа райы болып тұр. Күннің күрт суып, қардың жаууы жергілікті жүргізушілер үшін қолайсыздық туғызғаны рас. Дегенмен, шымкенттік коммуналдық сала қызметкерлері түнгі мезгілде жолды тазалап, құм септік дейді. Нітижесінде қаладағы барлық бағыттағы автобустар уақтылы жолға шықты.

008

Ал жүк көліктерінің Тараз бағытына шығуына шектеу қойылды. Облыстық төтенше жағдайлар депатаментінің мәліметінше, толассыз жауған қар салдарынан бұл бағыттағы жолдар жабылған. Мамандар күн соңына қарай жағдай қалыпқа келе бастады деп ќосымша хабарлады. Яғни, екі қала аралығында жолаушылар тасымалдайтын автобустардың қатынауына қазір кедергі жоқ.