Úı ANONS Қызылсай тұрғындары қалаға қалай жетеді?

Қызылсай тұрғындары қалаға қалай жетеді?

Қызылсай тұрғындары қоғамдық көліктің болмауынан зардап шегіп отыр. Автобустардың қозғалыс схемасы өзгерген соң олар қаланың негізгі көлік бағыты – Жібек жолы көшесімен тікелей қатынастан айырылған. Бұл туралы тілшіміз баяндайды.

Қаладан 10 шақырым қашықтықтағы Омарташы көшесінің тұрғындары автобустың жоқтығынан зардап шегуде. Негізінен өткен жылы бұл бағытта Сайрамнан Нұрсәтке қатынайтын №207 автобус іске қосылған. Алайда кейін маршрут өзгертіліп, ал одан кейін мүлдем тоқтатылған. Енді ауыл халқы сол қоғамдық көлік қайта жүрсе дейді. Себебі тұрғындар қазіргі №139 жолаушылар көлігінің пайдасы жоқ екенін айтады. Себебі, бағыты басқа.

БЕКЗАДА САПАРБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «2 ай болды. Автобус жүрмейді. Сайрам арқылы №139 келіп жатыр. Оның бізге мүлдем пайдасы жоқ. Айдалаға барады. Ал бізде адамдар қалаға, аудандарға, оқуға, Жібек жолына, Абай мектебіне шыға алмай қиналып жатыр. Бізге пайдасы жоқ. Болса Сайрамға».

Енді жергілікті тұрғындарға №207 автобусқа міну үшін жаяу жүруге тура келеді. Оған қоса, қоғамдық көлік саны аз, дейді. Сондықтан кейде жарты сағаттап күткен жолаушылар көлігі адамға толы болғандықтан отыратын орын табылмай, діттеген жерге қысыла-қымтырыла әзер жетеді екен. Ал №139 маршрут керісінше, басқа бағытқа қатынап, көпшілікке қажет болмай, жартылай бос жүреді. Қысқасы, қала орталығына жету үшін тұрғындарға бірнеше қоғамдық көлікті ауыстыруға, оны сағаттап күтуге, жаяу жүруге тура келеді. Бұл әсіресе балалар мен қарт адамдар үшін қиын.

АЗАМАТ НҰРЛАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Итттер қуалайды. Жібек жолынан өте алмаймыз. Автобус жоқ.  40 минут жүретін жол».

ГҮЛЧЕХРА ТӘЖІБЕКОВА,  ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Біздің балаларымыз кішкентай, зейнеткерлер мен мүгедектер бар. Олар тұрып күте алмайды, әсіресе жаяу жүретін жол жоқ, көлік кептелісі үнемі болады. Біздің №102 мектеп толғандықтан, балаларымызды Абай мектебіне немесе одан да алысыраққа беруге тура келді. Мұнда студенттер, мүгедектер, зейнеткерлер бар. Жібек жолына жету қиын болып жатыр. Сол жерде, мысалы, Кабискоға қатынайтын автобустар көп, бірақ қала орталығына тікелей қатынайтын жол аз».

Жиналған қауымға жауапты өкіл келді. Тиісті маман бұл көшедегі жолаушылар ағыны аз екенін хабарлады.

НҰРДАУЛЕТ СЕЙІТХАН, ҚАЛАЛЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: «Бұл жақта жолаушылар ағыны төмен болды. №207 автобустың маршруты Тіленше көшесіне  жүргізгенге дейін 1 айда 8000 жолаушыны құраған. Қазіргі уақытта Тіленше көшесімен жүргізгеннен кейін жолаушы саны 16 000-ға жетті. Бұл дегеніміз екі есе көбейген».

Тұрғындардың пікірінше, ресми деректерде көрсетілген көрсеткіштер төмен, себебі жүргізушілер жиі жолақыны қолма-қол немесе аударым арқылы төлеуді сұрап, жолаушылар келісімін берген. Сондықтан маршруттың нақты жүктемесі статистикаға толық көрінбеген. Мамандар осылай дейді. Дегенмен, қызылсайлық тұрғындар Жібек жолы көшесіне қатынайтын автобусты қайта жолға қоюды сұрап отыр.

Ботакөз Әнуар