Сарыағаш халқы таза суды тәулік бойы тұтынатын болды

343

Сарыағаш ауданындағы 25 елдімекенді таза ауызсумен қамтуға 220 млн. теңге бөлінді. 34 мыңнан аса тұрғыны бар Сарыағаш ауданындағы 25 ауыл тұрғындары таза ауызсуды тәулік бойы тұтынатын болды.

Өткен жылдары көктемнен күзге дейін бұл ауылдың тұрғындары құбырмен келетін суды кестемен пайдаланып келген еді. Әсіресе, жазғы шілденің кезінде ауызсу жетпей қиналатын. Судың кермектігін азайтатын мембраналық қондырғыны орнатқан соң тағы бір ұңғыманы іске қосуға мүмкіндік туды.

Екі ауыл округіне қарасты 25 елдімекенге ауызсуды екі ұңғымадан алады. Бір жарым шақырым тереңдіктен тартатын болған соң ол су 55 градус ыстық. Оны суыту үшін араластыруға арналып қазылған үшінші ұңғыманың суы кермек шыққан. Республикалық бюджеттен 94 миллионнан астам теңгеге су тазалайтын мембраналық қондырғы орнатылды.

Айта кетейік, биыл облыстық бюджеттен 220 млн теңге бөлініп, Сарыағаш қаласын тәулік бойы ауызсумен қамтамасыз етуге қол жетті. Қазір құбыр суымен қамтамасыз етулген ауыл санын 65-тен 70 елдімекенге жеткізу үшін жұмыс жасалып жатыр.