Қазақстандағы діни орындарға қажетті білікті имамдар тапшы. Еліміздегі діни бірлестікке қарасты мешіттердегі имамдардың он пайызы ғана жоғары білімді. Ал қырық пайызының білімі — орташа.
Бұл туралы Шымкент қаласында өткен діни ахуал жағдайындағы семинарда айтылды. Кездесуде теологтар кейбір облыстағы мешіттерде әлі күнге дейін имам жоғын алға тарты. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында 50-ге жуық мешіт болса, оның жиырмасында имам жоқ.
Қожбанхан Еркеш, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің дін мәселесі жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының қызметкері: «Діни ахуалдағы ең басты проблемалардың бірі имамдардың біліктілігін, сапасын жетілдіру болып табылады. Бейресми мәліметтер бойынша Қазақстанда христиандық баптистердің 256 қауымдастығы қызмет атқарады. Оған он мыңға жуық қазақстандық мүше ретінде кірген.»