Бородино көшесіндегі үй өртенді

338

004

Шымкентте тағы да өрт оқиғасы тіркелді. Бұл жолы тұрғын үйді тілсіз жау шарпыды. Тапа-тал түсте Борадино көшесіндегі баспанадан өрт шықты. Екі қабатты үйден тұтанған тілсіз жауды көріп, көршілері көмек шақырған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=4q_NUeErijk[/youtube]

 

Оқиға орнына 5 арнайы техника жұмылдырылды. Тұрғын үйдегі көгілдір отын мен электр жарығы ажыратылып, сол төңіректегі жұрт үйдегі дүние-мүлікті шығаруға қолғабыс етті. Тілсіз жаумен арпалысқан өрт сөндірушілер қосымша күш шақырып, тірлігін ширатуға мәжбүр болды.

001